USD
USD
USD

Ақтөбе облысында құдыққа құлап кеткен қыз бен оны құтқармақ болған ер адам қаза тапты

17 маусымда Байғанин ауданына қарасты Көлтабан ауылдық округіндегі Жарлы ауылында, үй ауласында орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр, қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен. Балақайды құтқармақ болған 1987 жылы туған ер адам құдыққа түскен, алайда қайта шыға алмаған, деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Құтқарушылардың көмегімен бала мен ер адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды.

– Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті, алайда көрсетілген шараларға қарамастан, екеуі де көз жұмды, – деп нақтылады департамент.

ТЖД мамандарының болжамынша улы газға уланған.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы