USD
USD
USD

Ақтөбе облысында қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 қыркүйекте қызғаныштан әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған ер адамды кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Сотта Мартук ауылында 2024 жылы 21 маусымда түнгі уақытта өз үйінің ауласында сотталушы мен әйелі арасында сөзге келіспеушілік туындағаны, сотталушы алкогольдік масаң күйде қызғаныштан әйелінің шашынан ұстап, оның мойын тұсына пышақпен бір рет соққы жасағаны анықталды. Одан кейін де В. жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сілтеген, салдарынан әйел қылмыс орнында көз жұмған.

Сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, әйелін қызғаныштан өлтіргенін және жасаған қылмысы үшін шын өкінетінін айтты.

«Соттың үкімімен В. кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына моральдық өтемақы есебіне 10 000 000 теңге өндірілді», – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев