USD
USD
USD

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың мәлімдеуінше, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында мейрамхана тағамынан уланғандар саны 188-ге жеткен, оның 15-і – 14 жасқа толмаған балалар.

мейрамхана
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Жалпы 177 адам ауруханаға жатқызылған, қалған 11 адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Сондай-ақ комитет төрағасы мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп келгенін мәлімдеді.

«Сонымен қатар санитариялық жағдай, азық-түлікті сақтау, тағам дайындаудың технологиялық процесі мен қызметкерлердің жеке гигиенасы талаптарының бұзылғаны, міндетті медициналық тексерулер мен медициналық кітапшалардың болмағаны анықталды. Зертханалық талдау нәтижесінде тағам өнімдерінің сынамаларынан және қызметкерлерден алынған жағындылардан ішек инфекциясының қоздырғыштары табылды», – деді Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық тексеру әлі аяқталмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Қандыағаш қаласындағы мейрамханаға барған 102 адам ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскенін жазған едік. 19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясының белгілері бар жүзден астам науқас көмекке жүгінген.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин