USD
USD
USD

Ақтөбе облысында биыл су тасқынының қаупі жоғары

Ақтөбе облысында биыл да су тасқынының қаупі жоғары. Мамандардың болжауынша, қар жылдағыдан үш есе көп жауған. Олардың айтуынша, қала мен бес аудан суға кетуі мүмкін.

тасқын
Фото: ашық дереккөзден

 

Алматы, NEGE. Өңірде екі жүзге жуық уақытша орналастыру пункті әзірленген. Қазір облыс орталығы мен сегіз ауданда мұз жару жұмыстары жүргізілетін 22 орын анықталған. Қар тазалау, бөгеттерді бекіту шаралары қарқынды жүруде.

Тонның қатуы 25 смден 107 см дейін болып тұр. Қардың түсуі кей жерлерде 31-35 см қардың биіктігі. Елек, Қарғалы өзен бойларын жағалауын нығайту жұмыстарын бастап кеттік. Қала бойынша бес участок анықталды. Ол жерге барлық Ақтөбе облысы күш құралдары Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, ТЖМ әскерилері барлығы жұмылдырылған, - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жаңабергенов.

Жердегі тоң жылдағыдан шамамен екі есе қалың. Биылғы жылы әдеттегіден үш есе көп қар түсті. Синоптиктер наурыз айында да облыста қар жауады деп отыр.

Бізде әлі алда наурыз айы бар. Наурызда тағы қар түсуі ықтимал. Алдын ала болжам бойынша наурыз айында қар әдеттегі нормадан көп болуы мүмкін. Бізге ақпан айында әдеттегіден үш есе көп қар түсті. Қазір 48 миллиметр қар жатыр, - дейді «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облыстық филиалы ауа райын болжау бөлімінің бастығы Лариса Тарасенко.

Өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екі жарым мыңнан астам адам, 850 техника, 441 мотосорғы, 102 жүзу құралы дайындалған. Қажет болған жағдайда көршілес Қызылорда және Маңғыстау облысынан күш пен құралдар қосымша көмекке тартылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Жамбылдағы сарбаз өлімі: рота командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Сарбаз

Үкіметте әкімдіктерден ТКШ саласындағы «қызыл аймақты» толық жою талап етілді

Жобалық кеңсе жиыны

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы оқушы полициядан қашпақ болды

Жол ережесін бұзу

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев