USD
USD
USD

Ақтөбе облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Денсаулық
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Оқиға туралы ресми түрде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, әкімнің өмірін оның жұбайы құтқарып қалған.

«Оқиғадан кейін дереу жедел жәрдем шақырылып, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Не себеп болғанын нақты айта алмаймын – бұл жеке мәселе», – деді аудан әкімі.

47 жастағы шенеунік 7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына түскен. Қазір оның жағдайы тұрақты, жалпы палатада жатыр.

Аталған оқиға бойынша полиция тарапынан сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Суицид жасауға әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң