USD
USD
USD

Ақтөбе облысында ата мен немересі джиппен бірге суға батып кетті

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған атасы мен немересі суға батқан көліктің ішінен табылды. 

суға батып кетті
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай Хромтау ауданында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусымда 65 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған немересінің жоғалғаны туралы хабар түскен. Олар Toyota Hilux автокөлігімен Құдықсай ауылынан Бозжыр өңіріне бет алған, алайда қайта оралмаған.

Келесі күні іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, оған сүңгуірлер де тартылды.

«26 маусымда сағат 19:30-да Құдықсай ауылы маңындағы Орь өзенінің арнасын шолу кезінде көлік табылды. Сүңгуірлер 2,5 метр тереңдіктен, жағалаудан 4 метр қашықта баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ судан көлік пен ер адамның мәйіті де шығарылды», – делінген Ақтөбе облысы ТЖД хабарламасында.

Көліктің суға қалай кеткені әзірге белгісіз.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері тұрғындарды су айдындарының маңында қауіпсіздік шараларын сақтауға және қолжетімсіз жерлерде жүріп-тұрғанда өте мұқият болуға тағы да шақырды. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне бірден хабарласу қажет.

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң