USD
USD
USD

Ақтөбе облысында әкімдік қызметкері 5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында білім саласындағы жемқорлыққа қатысты жаңа деректер анықталды

бюджет қаражаты
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Екі лауазымды тұлға пара алу және бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, тергеу облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты жүргізілуде. Ол мектеп директорларынан аттестациядан кедергісіз өту үшін пара алды деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта күдіктіге қандай көлемде заңсыз ақша берілгені нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бас маманы 4,9 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол өз жалақысын негізсіз түрде жоғарылатып отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мұндай қылмыстарды болдырмау үшін бірқатар шаралар қолға алынғанын мәлімдеді.

»Қазір бірыңғай техникалық талаптарға сай бухгалтерлік бағдарламалар енгізіліп жатыр. Олар жалақыны негізсіз көтеру, «өлі жандарға» ақша аудару сияқты заңбұзушылықтарды болдырмайды. Сонымен қатар, «облачная бухгалтерия» жүйесі мемлекеттік органдар мен қазынашылық базаларымен біріктірілетін болады», – деп хабарлады агенттік өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы