USD
USD
USD

Ақтөбе облысында 30 мың тоннадан астам жанармай ұрланған

Ақтөбе облысында жалған құжаттар арқылы мұнай ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобы әшкереленді.

Ақтөбе
Фото: видеодан скрин

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімі заңсыз тасымалданған. 

Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары мен заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді,  –делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексерілуде.

Алдын ала деректер бойынша, кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттады деген күдікке ілінген.

ІІМ қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пунктілерінің бірінде осы компанияға тиесілі төрт вагонның көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқаны анықталғанын айтты.

Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Қазір оқып жатыр

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал

Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды

Ақша

Ақтөбе облысында жүзден астам адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Адам ұрлау

Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды

Перизат Қайрат