USD
USD
USD

Ақтөбе облысында 10 көлік бір-біріне соғылып, үш адам зардап шекті

Жол апаты бүгін, 10 ақпанда Ақтөбе–Астрахань автожолының Тамды ауылы маңындағы бөлігінде болған.

Жол-көлік оқиғасы
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда», – делінген полиция хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде үш автокөліктің соқтығысуынан пайда болған кедергіні байқап, қозғалысын ішінара тоқтатуға мәжбүр болған. Соның салдарынан бір бағытта келе жатқан өзге көлік құралдары бір-біріне соқтығысып, барлығы 10 көлік құралы жол апатына ұшыраған.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров