USD
USD
USD

Ақтөбе облысы Қопа ауылындағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Облыс прокуратурасымен Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Темір ауданының Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық іс жолданды.

Қылмыстық іс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Іс облыстық полиция департаментімен тергеліп, процестік прокурор тағайындалды, ол толық, жан-жақты және объективті тергеу жүргізді.

«Тергеу барысында өткен жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын «тәрбиелік мақсатта» ұрып-соққаны анықталды.

Салдарынан кәмелетке толмаған Сыдық Н. ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды.

Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылып жатыр», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң