USD
USD
USD

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппараты құлап, соның салдарынан өрт шықты.

БПЛА
Фото: Kozachkov offside

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, техника құлағаннан кейін шамамен 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенген. Оны оқиға орнына келген құтқарушылар толық сөндірді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында табылған ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектерін тексеріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін де еліміздің батыс өңірлерінде осындай жағдай тіркелген. Наурыз айында Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды. Алайда ол оқиға бойынша нақты мәліметтер әлі жарияланған жоқ. Өткен жылы Бөкейорда ауданы Ұялы ауылында белгісіз ұшу нысаны анықталғаны хабарланған. 

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов