USD
USD
USD

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы себебінен шыққан болуы мүмкін.

өрт
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. 7 сәуірде болған оқиға «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Мамандардың айтуынша, ғимараттың тек шатыры зақымданған және алтыншы қабаттағы кабинеттерге «азғантай» зақым келген.

Өрттің нақты себебін анықтау мақсатында бірқатар зерттеулер, соның ішінде өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Мамандардың ресми қорытындысы шыққаннан кейін оқиғаның мән-жайы толық белгілі болады.

«Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы деп отырмыз. Қазір сарапшылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Және тиісті қорытынды жақын арада шығарылады», – деп хабарлады ТЖД орынбасары Евгений Овчарский.

Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров әкімдік ғимаратынан шыққан өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылғанын, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров