USD
USD
USD

Ақтөбе мыс компаниясындағы жұмысшы өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе мыс компаниясындағы жұмысшы өлімінен Қылмыстық кодекстің «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.

Шенеунік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның қалай болғаны анықталады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің баспасөз қызметі кәсіпорын тергеуге көмек көрсететінін жеткізді.

– 18-қыркүйек сағат 23:15-те байыту фабрикасында төтенше жағдай болып, салдарынан бір жұмысшы көз жұмды. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр, себеп-салдары анықталуда. Кәсіпорын тергеуге жан-жақты көмегін көрсетіп жатыр. Кәсіпорын басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, материалдық көмек көрсетіледі, - деді компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мыс компаниясында ұсақтаушының үстіне кен опырылып түсті. Қазіргі кезде Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар