USD
USD
USD

Ақтөбе – Маңғыстау пойызында баланың үстіне сөре құлап кетті

Ақтөбе – Маңғыстау пойызының жолаушылары төтенше оқиға туралы хабарлады: қозғалыс кезінде №16 вагонда жоғарғы сөре өздігінен құлап, балаға түскен, деп хабарлады Zakon.kz.

П
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, сөре баланың дәл үстіне құлаған.

"Құдайға шүкір, үстінде ешкім жатқан жоқ, әйтпесе салдары ауыр болуы мүмкін еді. Әрең үлгеріп сөрені қағып алдым, әйтпесе не боларын білмеймін. Жол бойы екінші сөре де құлап кетеді деп қорқып отырдық", - деді әйел.

Оның айтуынша, компания басшылығына жасаған шағымына жауап болмаған.

Аталған вагон жекеменшік тасымалдаушы Otpan Logistic ЖШС-не тиесілі және ҚР Көлік министрлігінің кураторлығымен жұмыс істейді.

Компания бұл оқиғаға қатысты бір жақтағы шынжыр үзіліп кеткендіктен, сөре ішінара ажыраған деген түсінік берген.

"Ешкімнің үстіне құлаған жоқ, жағдай орнында шешілді, кейін жаңа сөре орнатылды", - деп хабарлады Otpan Logistic ЖШС өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар