USD
USD
USD

Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметкер қаза тапты. 

әскер
Фото: aikyn.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе гарнизонының мәліметінше, оқиға 23 қарашада болған.

"2024 жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз өзіне қол жұмсады", – делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf