USD
USD
USD

Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді.

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

– Ыргыз ауданы, Нұра ауылы

– Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:

– Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,

– Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,

– Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,

– Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,

– Қобда ауданы, Бегалы ауылы,

– Ырғыз ауданы, Жарма ауылында салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

– Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,

– Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,

– Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы