USD
USD
USD

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов сайлаудан шеттетілді

Алматыда Мәжіліс депутаттығына 104 үміткер тіркелді. Олардың үшеуі сайлаудан шеттетілген

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов сайлаудан шеттетілді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. "Салық декларациясын тексергеннен кейін бір кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды. Тағы екеуі өздері бас тартты. 104 үміткердің 101-і қалды", - деді аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова.

Олардың ішінде театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов та бар.

Актердің мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырған активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында жалған мәліметтер анықталды. Бұл туралы департамент сайлау комиссиясына хабарлаған.

Белгілі болғандай, актер бір мандатты №3 округтен шығып қалған.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат