USD
USD
USD

Актер Асылхан Төлепов ММА-де жеңіске қол жеткізді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан 

Актер Асылхан Төлепов ММА-де жеңіске қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

OCTAGON 46 турнирі аясында танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов (1:0) жекпе-жек өткізді, деп жазды Prosports.kz.

Алматы, NEGE.  Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Төлеповтің қарсыласы жеңіліп көрмеген әзербайжандық файтер Намик Агабалаев (2-0) болды.

Бірінші раундта Төлепов партерде қарсыласының басын тіземен тепкені үшін бір ұпайынан қағылды. Бірақ раундта қазақстандық басым болды.

Екінші раундта екі файтер де шабуылдады, бірақ Төлепов белсендірек болды. 

Ал үшінші бесминуттықта әзербайжандық файтер «гильотин» жасай алмады. Үш раундтың қорытындысы бойынша Асылхан Төлепов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Төлепов «Рэкетир 2», «Финансист», «Жаужүрек мың бала» секілді фильмдермен танылған.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet