Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Олигархтардың ұлдарымен төбелесіп сотталған актер бостандыққа шықты

Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Асқар Жұмабек
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Асқар Жұмабек Алматыдағы караоке-барда Қазақстандық олигархтар Бахаридин Әбләзімов пен Дінмұхамед Ыдырысовтың ұлдары Нұрмұхамет Нұғман мен Жармұхамед Аппазбен төбелесіп, істі болған еді. Сот шешімімен  ол 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

«Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!», – деп жазды Асқар Жұмабек.

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматыдағы Little Brazil караоке-барына жаппай төбелес болған. Отандық актер Асқар Жұмабек те жаға жыртысқандардың қатарынан табылып, басы дауға қалған.

Асқар Жұмабек – “Рауза”, “Қарлығаш ұя салғанда”, “Алғашқы махаббат”, Ақ жауын” сынды отандық сериалдар арқылы өз көрерменін тапқан актер.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат