Ақтаулықтарды бас санитар дәрігердің шешімі таңғалдырды
Ақтау қаласында карантин кезінде жағажайда демалып жатқан көп адамның видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Лада.
Алматы, NEGE. "Лада" басылымының хабарлауынша, қаланың бас санитарлық дәрігері жағажай мен саяжайларда адамдардың демалуына тыйым салған, сондықтан ол араға блок-бекеттер қойылып, бақылау күшейтілген. Алайда "Достар" жағажайына бұл тыйымның қатысы жоқ көрінеді. Үш адамнан көп жиналмай демалуға рұқсат беріліпті. Жергілікті халықты да осы арасы таң қалдырған.
Бұған дейін әкімдіктегілер аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, облыста қалалық, қоғамдық жағажайлар мен аквапарктердің жұмысы тоқтатылғанын хабарлаған.
Осыған байланысты Ақтау қаласында жағажай учаскелерінде блокбекеттер мен тыйым салынған ленталар қойылған.
"Бұл территорияларды күн сайын полицейлер қадағалайды. Қала тұрғындары мен қонақтарына тыйым салынған лентаға дейінгі жағажай территориясында демалуға рұқсат жоқ. Парктер мен саябақтарда үш адамнан артық топтаспай жүруге рұқсат етілген", - деп хабарлады қала әкімдігіндегілер.