USD
USD
USD

Ақтаулықтар пальма өсіре бастады

Маңғышлақ экспериментальді ботаникалық бағының қызметкерлері субтропикалық өсімдерді жерсіндіру сынағын жүргізіп жатыр.

Ақтаулықтар пальма өсіре бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл ең алдымен соңғы жылдары климат өзгеруінің байқала бастауымен байланысты. Климат көрсеткіштеріне жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, соңғы 10 жылда Маңғыстауда жылдың 286 күнінде орташа температура +10 градус болып тұр. Климаттың мұндай көрсеткіші Маңғыстауда жылыны жақсы көретін өсімдік түрлерін жерсіндіруге мүмкіндік береді деген пайым бар», - делінген аталған бақтың Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Қазіргі уақытта бақ анар, зәйтүн, лавр, темір ағаш, магнолия, гүлшетен сынды субтропикалық өсімдіктерді жерсіндіру сынағын жүргізіп жатыр.

«Бұған қоса, бақта қыста -10 градусқа дейінгі температураға төзімді пальманың үш түрі сыналуда. Биыл 12 көшеттің екеуі ғана қысты күні шықпай қалды. Қалғандары өсіп тұр. Эксперименттік жұмыс жалғасуда», -делінген бақ мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты

Кран

Дәдебай Құрылтайдағы орынбасарларын таңдады

Құрылтай төрағасының орынбасарлары

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты