USD
USD
USD

Ақтаулық аналар пәтерді жекешелендіруді талап етті. Биліктің жауабы қандай болды?

 Нұрлан Ноғаев жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруді талап еткен бір топ әйелмен кездесті.

Ақтаулық аналар пәтерді жекешелендіруді талап етті. Биліктің жауабы қандай болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көпбалалы аналар, жалға берілген пәтерлерін жекешелендіріп беруді талап еттіӘкімдікке келген әйелдер Жаңаөзен қаласынан Ақтау қаласына қоныстандыру бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында жалға берілген пәтерлерін жекешелендіріп беруді талап етті. Сондай-ақ, пәтерді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін төленетін төлем ақысын алып тастау туралы талаптарын айтты.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтынын түсіндірді.

«Ақтау қаласында жалға берген пәтерлердің жалға алу мерзіміне шектеу қойылмайды. Егер келісім шартта тіркелген адам қайтыс болған жағдайда, жалға алу келісім-шарты қалған отбасы мүшелеріне ұзартылып беріледі. Қолданыстағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңы бойынша, бұл пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз беріледі, жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды», – деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, коммуналдық төлем үшін табыс көлемі жеткіліксіз болса «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңға сәйкес қажетті құжаттар пакетін жинап, тұрғын үй көмегін алуға мүмкіндік бар.

Тұрғын үйді жалдау ақысы тұрғын үйдің шаршы метріне байланысты 8-ден 12 мың теңгеге дейін өзгереді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары да қатысып, жиналғандарды комиссия жұмысын жалғастыруға шақырды. Мәслихаттың бірқатар депутаттары аналар көтерген мәселелерді қарау үшін парламентке хат жолдады.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент