USD
USD
USD

Ақтаулық шенеунікке 11 млн теңгеден астам айппұл салынды

Маңғыстау облыстық прокуратурасы прокуратура шығарған актіні уақытылы қарамай, "Прокуратура туралы" заңның талаптарын өрескел бұзған ақтаулық шенеунікке айыппұл салды, деп хабарлады BAQ.KZ.

айыппұл
Фото: Elorda.info

Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірлік әділет департаментінің орынбасары қадағалау органының актісін уақытылы қарамағаны үшін сот қаулысымен 8 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс прокурордың ұсынуымен қарау мерзімін реттейтін "Прокуратура туралы" Конституциялық заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін қозғалды.

Атап айтқанда, лауазымды тұлға заңда белгіленген мерзімге қарамастан, қалалық прокуратураның ұсынуын бір айдан астам уақыт бойы тиісінше қарау жөнінде шараларын қабылдамаған. Прокуратураның талабынан кейін ұсынудың қарау қорытындысымен 8 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, салынған айыппұлды төледі, - делінген хабарламада.

Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіндігі ескертіледі.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева