USD
USD
USD

Ақтаудағы жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмаған (видео)

 Алайда нысан түгел қираған. Мамандардың айтуынша, жарылыс газдың жылыстауынан шыққан болуы мүмкін.

Ақтаудағы жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмаған (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнынан екі газ баллоны табылды. кешен басшысы, үйінділердің астында тағы 50 литрлік екі газ баллоны барын айтқан. Екі қабатты бұл ғимараттың ішінде бірнеше нысан, яғни асхана, техникалық қызмет көрсету станциясы, тігін цехы және қойма болған. Жарылыс болған сәтте ғимарат жанында 11 автокөлік тұрған екен. Бұл автомобильдердің бәрі қираған. Әйтеуір көлік ішінде болғандардың ешқайсы зардап шекпеген. Жол полициясының қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен үш техниканы алып шықты.

Қалған көліктердің иесі анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтауда кешкі сағат 21.00 шамасында 29 «а» шағынауданындағы «Шерқала» кешенінде орналасқан екі қабатты дәмханада жарылыс болған еді. Апат болған аумақта 20 шақты техника мен 50-ге тарта маман жұмыс істеген. Бекболат Әбдіқадыров, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: – Үйінділердің  астында тағы бірнеше газ баллоны жатыр. Нысан иесінің сөзіне сенсек, олардың сыйымдылығы 50 литр және одан да көп болуы мүмкін. Жалпы бұл жерде газ баллонын қолдануға рұқсат жоқ. Елімізде ресми жарияланған мораторий бар. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын біз рұқсатсыз барып тексере алмаймыз. Ауруханаға түскен адамдар жайлы да ешқандай ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net