USD
USD
USD

Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету станциялардың бірінде жарылыс болды

2023 жылғы 12 қаңтарда Маңғыстау облысының ТЖД 101 пультіне сағат 18.20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциялардың  бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады ТЖМ.

Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету станциялардың  бірінде жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллон жарылды.

Өртті сөндіру барысында өз өмірін қауіпке тігіп, өрт сөндірушілер 17 газ баллонын шығарып үлгерді.

Өрт сағат 18.48-де жойылды.Өрттің ауданы 50 шаршы метр.

Оқиға барысында техникалық қызмет көрсету станциясының бір қызметкері (әйел) қайтыс болды, күйік алған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. 

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 25 өрт сөндіруші-құтқарушы, 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қызмет көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік