USD
USD
USD

Ақтаудағы мектепте оқушыларды тоқ соққан

Ақтаудағы мектепде баспалдақтан түсіп келе жатқан оқушыларды тоқ соққан.

Ақтаудағы мектепте оқушыларды тоқ соққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 4 қыркүйекте орын алған. Екі бесінші сынып оқушылары қол ұстасып, баспалдақтан түсіп келе жатқан. Балалардың бірі баспалдақтың тұтқасынан ұстаған сәтте оларды тоқ соққан. 

Мектеп директорының айтуынша, тоқ қуаты қатты болмаған. 

”Үстіне синтетикалық киім кигенде немесе көліктің есіктің ұстаған кезде тоқ соғады ғой, міне, сондай жағдай орын алған. Балалар қорқып кетіп, кезекші мұғалімге айтқан. Біз дереу оқиға болған жерге бардық”, – дейді мектеп директоры Зарета Фаталиева. 

Сөзінше, баспалдақтағы тоқ қуатын тексеру үшін арнайы маман да шақыртылған. Қазіргі таңда балалардың бұл баспалдақ өткелімен жүруі шектеліпті. 

Зардап шеккен балаларды ауруханаға алып барған. Бір сағат дәрігер бақылауынан кейін олар үйлерінен қайтарылыпты. Ақ халаттылар оқушылардың денсаулығына зиян келмегенін жеткізіпті. 

Өз кезегінде тоқтың неден соққаны анықталыпты. Электрик маманның сөзінше, тоқ жарық шамдарынан соғуы мүмкін. Алдағы уақытта ұқсас жағдай қайталанбас үшін баспалдақтағы жарық шамдары алыныпты. 

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр