USD
USD
USD

Ақтаудағы бокс кешінде 8 қазақ жекпе-жек өткізеді

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8КО) ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7КО) кездеседі.

Ақтаудағы бокс кешінде 8 қазақ жекпе-жек өткізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. 5 ақпан күні Ақтау қаласында кәсіби бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасы.

Қарсыластар орта дивизиондағы WBO International-дың бос титулына таласады. Сондай-ақ жарысқа Қазақстан, Таяу және Қиыр шығыстың өзге де боксшылары қатысады.

Кеш көрермендері Нұрсұлтанов-Сироткин жекпе-жегінен басқа келесі айқастарды тамашалай алады:

- Бекзад Нұрдәулетов (3-0, 1КО) – Чико Куаси (Нидерланды, 5-0-1, 2КО), жартылай ауыр салмақта WBO-дың жастар арасындағы әлем чемпионы титулы;

- Бекман Сойлыбаев (12-1, 4КО) – Элиот Чавес (Мексика, 10-3-1, 6КО), екінші жартылай ауыр салмақ;

- Сапарбай Айдаров (6-0, 2КО) – Рагим Әлиев (Әзербайжан, 2-0, 2КО), орта салмақ;

- Арман Нұрасылов (2-0, 1КО) – Илья Медяник (2-0-1, 0КО), екінші орта салмақ. ⠀

- Самат Жетібаев (1-0, 1 КО) – Алтай Қылышбай (1-1, 0КО), ең жеңіл салмақ.

- Қыдырәлі Мұрат (0-1) – Богдан Утегенов (Өзбекстан, дебют), бірінші жартылай орта салмақ;

- Жолдас Жеңгісов (1-0, 1КО) - Айдос Тастаев (1-2, 1КО), екінші жартылай орта салмақ . ⠀


 

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза