USD
USD
USD

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада белгілі болады – Бозымбаев

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада жарияланатынын хабарлады. 

Баку-Грозный бағыты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл ретте ол мұның авиациялық оқиғаға қатысты алдын ала тергеу екенін баса айтты. Ал қылмыстық іс жеке тергеліп жатыр. 

«Қазір тексеру жүріп жатыр. Көлік министрлігі жанынан құрылған арнайы топ бар. Оның ішінде біздің де сапаршылар, Ресей тарапының, Бразилияның мамандары, ICAO тарапынан Нидерланд елінің бір өкілі. Қазір «қара жәшіктің» дыбыс деректерін қарап жатыр. Ұшақтың режимдерін қарап оларды сәйкестендіреді. Әрине, ол біраз жұмыс. Өйткені оны дәлелдеу үшін тексеру жасайды. Олардың дауысы ма, басқа дауыс па деген сияқты. Қай минутта, қай секундта кім не айтқанын, кімнің қандай пәрмен бергенін зерттейді», - деді Бозымбаев.

ICAO-ның стандарты бойынша әуе апатының алдын ала себептері бір айдың ішінде жариялануы керек.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты, олардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.

Қазір оқып жатыр

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

.