USD
USD
USD

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін алты әуежайға тексеру жүргізілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды.

Саяхат
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Өз кезегінде «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду баяндама жасады.

«AZAL әуе компаниясы ұшағының апаты нәтижесінде басталған тапсырмаңызға сәйкес, біз алты әуежайды: Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен әуежайларын әуеайлақтардың техникалық жай-күйі және ұшуды қажетті қамтамасыз ету тұрғысынан басымдықпен тексердік.

Сонымен қатар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan алты тұрақты әуетасымалдаушының 71 азаматтық әуе кемесіне перрондық тексеру жүргізілді, 686 әуе компаниясы ұшқышының дайындығы мен ұшу алдындағы бақылауына талдау жасалды», — деді К.Раду.

Сондай-ақ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, авиациялық қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, азаматтық авиацияның негізгі субъектілерін жоспардан тыс тексеру жалғасуда.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшу қауіпсіздігі деңгейі 74%-дан 82%-ға дейін көтерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтау қаласының маңындағы ұшақ апатынан кейін авиациялық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы