USD
USD
USD

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына тағы көмек көрсетіледі

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына демеушілер тағы әлеуметтік көмек көрсететінін айтты. 

Ұшақ апаты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Біріншіден әлеуметтік көмек көрсетілді. Әрбір отбасыға тиісті сомасы төленді. Жерлеу рәсімі, басқа да мәселелер бойынша біздің әріптестеріміз, әкімдер өздеріне жүктелген міндеттерді атқарды. Демеушілердің арқасында келесі аптада тағы бір көмек көрсетеміз деп ойлаймын. Ол отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі. Әзірге нақты қандай, қанша мөлшердегі көмек екенін айта алмаймын. Нақты белгілі болғанда ресми мәліметін береміз», - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ ол қазақ тапқандардың отбасына отбасына 5 млн теңгеден әлеуметтік көмек төленгенін айтты.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты, олардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты