USD
USD
USD

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан тергеу қорытындысын қашан жариялайды?

25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе кемесіне қатысты тергеу есебі биыл жылдың соңына дейін немесе келер жылдың басында жариялануы мүмкін.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тергеудің екі бөлікке бөлінетінін еске салды. Қылмыстық құрамға қатысты бөлігін Бас прокуратура қарап жатыр, ал әуе апатының техникалық себептерін Көлік министрлігі зерттеп жатыр.

«Көлік министрлігі тергеудің соңғы кезеңіне келді. Қазір лицензия иелері мен технологияны әзірлеушілерден, аэронавигациялық құралдарға қатысты соңғы қорытындыларды күтіп отырмыз. Есеп биыл немесе келесі жылдың басында шығуы мүмкін.

Ал Бас прокуратура жүргізіп жатқан бөлік бойынша да алға жылжу бар. Көрші елдердің басшыларының түрлі мәлімдемелерін де көрдіңіздер. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыс та келесі жылы аяқталады деп үміттенеміз», – деді вице-премьер Мәжіліс кулуарында журналистерге.

Айта кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында 6 Қазақстан азаматы болған.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер