USD
USD
USD

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Төтенше жағдай №1 цехта жабдықтарды қышқылмен жуу жұмыстары кезінде болған.

МАЭК
Фото: maek.kz

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, шлангты шешу сәтінде қышқыл сыртқа шашырап, салдарынан екі жұмысшының беті мен көзі күйіп қалған.

Зардап шеккен қызметкерлер шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиғадан кейін кәсіпорында тексеру басталды. Еңбек инспекциясы жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтау үшін дәрігерлердің қорытындысын күтуде.

Егер бұл жағдай ауыр өндірістік жарақат ретінде танылса, арнайы тергеу жүргізілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты