USD
USD
USD

Ақтаудағы апаттан тірі қалған жолаушылар ұшақта не болғанын айтып берді

Бүгін 2024 жылғы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Баку–Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer ұшағы апатқа ұшырады.

Ақтау
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Апаттан 29 адам, оның ішінде 2 бала медициналық мекемелерге жеткізілді.

Апаттан аман қалған жолаушылар БАҚ өкілдеріне ұшақта не болғанын айтып берді.

48 жастағы Субхонкулдың айтуынша, ұшақ Грозный ауданында екі-үш рет қонуға тырысқан, бірақ белгісіз бір себеппен жерге қона алмаған. Кейін ұшақтағы жолаушылар жарылыс даусын естіген, алайда не жарылғанын түсінбеген. Содан кейін ұшақ мүлде басқа бағытқа бет алған.

«Ұшқыш маневр жасау арқылы адамдардың өмірін құтқарды. Егер ол болмаса, бәріміз өлетін едік. Ұшақтың артқы бөлігі адамдарға толып қалды», - деді Субхонкул.

Борттағы маскаларда оттегі болмаған. Ол ұшақтың артқы орындығына отырып, басқа маска таққан. Ер адамның қасында отырған барлық адам тірі қалған.

Тірі қалған тағы бір жолаушының айтуынша, стюардессалар өз міндеттерін соңына дейін кәсіби түрде орындап, жолаушыларға нұсқау берген. Олар үрейленбей сабырлық танытқан.

Апаттан аман қалған Владивосток тұрғыны Кристинаның айтуынша, соқтығысқанға дейін ұшақ бір сағатқа жуық аспанда айналып жүрген.

«Стюардесса қону қиын болатынын айтып, басымды төмен түсіруім керегін ескертті. Төменге түсіп келе жатқанда бүйірге бірдеңе соғылғандай болды. Қозғалтқышқа құс соғысқан секілді болды», - дейді жолаушы.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы