USD
USD
USD

Ақтауда жарылыс болды

 Маңғыстау облысының Ақтау қаласында жарылыс болып, ғимарат қирады. 

Ақтауда жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бұл мәліметті растады. «Сағат 22.25-те Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтау қаласы, №29 «а» шағын аудан мекенжайы бойынша жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгісіз жағдайда болған жарылыс салдарынан құрылыс түгел қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жарылыстың себебі мен бұзылу аймағы нақтыланып жатыр», - делінген Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 17 қызметкері, «Апаттық медицина орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы аттанғаны хабарланды. 

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі