USD
USD
USD

Ақтауда яхта суға батып кетті

Ақтауда теңіз жағалауында яхта суға батты. 

Ақтауда яхта суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.

«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы. Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.

«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.

Айта кетсек, бұған дейін Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында теңізшілер кемелерді жазғы кезеңге дайындап жатқаны хабарланған болатын. Әскери қызметшілер қару-жарақтың жай-күйін тексеріп және анықталған ақауларды жояды.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны