USD
USD
USD

Ақтауда үш баласын қатыгездікпен өлтірген ер адамның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

Ақтауда үш баласын аса қатыгездікпен өлтірген ер адамның сот үкіміне берген апелляциясы қанағаттандырылмады. Маңғыстау соты азаматтың шағымын қанағаттандырмады.

Ақтауда үш баласын қатыгездікпен өлтірген ер адамның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Мұнда сотталушы мен адвокат соттың үкімін жойып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ер адамның өзі 3 кішкентай баласын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Бірінші сатыдағы сотта ол лауазым атқару құқығы мен бас бостандығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған.

"Үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ. Осыған байланысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты