USD
USD
USD

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам эвакуацияланды

Ақтауда 17 шағын аудандағы «Florence» тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 150-дей адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт 10 қыркүйек сағат 1:59-да тұтанған. Тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде үй заттары мен теледидар жанған.

«Өрт 45 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 13 адам құтқарылды, оның үшеуі бала. Ал баспалдақпен 120 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25-і бала», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалын 1 сағаттан соң сөндірілген. Өртке тарату қалқанындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс