USD
USD
USD

Ақтауда тұрғын үй кешені өртенді

Ақтауда тұрғын үй кешені өртенді.

Ақтауда тұрғын үй кешені өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі «Флоренция» тұрғын үй кешенінде болып жатқан өртке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды naktau.kz сайты. Ақтау қаласында жақында салынған тұрғын үй кешенінің төбесі өртенді. Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік мақсатында тұрғын үй кешенінен 50 адамды эвакуациялады.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Толығырақ ақпарат кейінірек берілетін болады», – деп қорытындылады ведомстводан. Облыстық полиция департаменті өрт сөндірушілерге 50 полицей, Ұлттық гвардияның 50 жауынгері, 10 автопатруль көмектесетінін, сондай-ақ төрт эвакуатор, бір манипулятор жұмылдырылғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев