USD
USD
USD

Ақтауда төртем туған келіншек перзентханадан шықты

Ақтауда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында төртем туған келіншек сәбилерімен бірге облыстық перинатальдық орталықтан үйіне шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ақтауда төртем туған келіншек перзентханадан шықты
Фото: NEGE.kz

.

Ақтау, NEGE. Жас босанған ана Самира Гасанованың жасы – 25-те, алғаш рет жеңілденіп, бірден көпбалалы ана атанып отыр. Төртем 15 желтоқсан күні дүниеге келген, алдыңғысы 1 келі 390 грамм, ең кішісі 1 келі 190 грамм салмақпен туған. Белгілі болғандай, дәрігерлер жүктілік кезеңі ауыр болғандықтан, әйелді 30 аптада босандырып алған. Содан бері салмақ қосып, күш жинағанша дәрігерлердің жіті қадағалауында болған сәбилер мен анасы ақ халаттылардың ұйғарымымен үйлеріне шықты. Төртемге Расул, Фанара, Айла және Нарин деген есімдер берілген. Бұлардың ішінде Расул – ер, қалған үшеуі – қыз бала. Облыстық перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетованың айтуынша, орталықты өткен жылы 8610 бала өміпге келген, оның ішінде 2 үшем мен 147 егіз бала бар. Маңғыстау облысында төртем бұған дейін осыдан отыз жыл бұрын туған екен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

жеке дерек

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы