Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтауда такси қымбаттады

Ел аумағында такси құны ең арзан қалалардың бірі – Ақтау. Алайда, осы айда аталған қызмет бағасы біршама қымбаттап кетті.

Ақтауда такси қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған күшейтілген карантинге байланысты қоғамдық көліктің тоқтап қалуы себеп.

Бұрын Ақтауда 300-350 теңге тұратын қызмет түрі қазіргі кезде 450-700 теңгеге бір-ақ жетті. Бағаның күрт көтерілгеніне тұрғындар жиі шағымдануда.

«Мен Маңғышлақта тұрамын. Ақтауға қатынау үшін такси қызметін 450-500 теңге аралығына шақыратын едім. Қазір 600-1000 теңгеге ғана келеді. Кішкентай қала Ақтаудың ішінде де такси 400-ден жоғары. Ең болмаса қоғамдық көлік қайтадан жүрсе болар еді», – дейді қала тұрғыны Раушан Талапқызы.

Маңғыстау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыс бойынша 20 шілдеден бастап карантиннің күшейтілуіне байланысты қоғамдық көлік толықтай тоқтаған. 

Қазіргі таңда қала бойынша тұрғындардың тек жеке көлікпен немесе таксимен жүруіне рұқсат беріліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG