Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтауда табылған арыстанның алдағы тағдыры белгілі болды

Ақтау қаласы маңында иесіз дала кезіп жүрген жерінен ұсталған арыстанды ешкім өлтірмейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті.

Ақтауда табылған арыстанның алдағы тағдыры белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. «Таңертең «Ақтаудағы арыстанды ұйықтатып тастайды екен» деген ақпарат тараған болатын. БАҚ-тан ресми мемлекеттік органдардың ақпараттарына ғана сүйенуді өтінемін. Facebook-те Кирилл Осин есімді желі қолданушы таяу уақытта арыстанды ұйықтатып тастауы мүмкін деп жазған болатын. Бұл ақпарат - жалған. Арыстан өмір сүреді. Иә, бүгінде арыстанды асырауға қатысты проблемаға тап болып отырмыз. Маңғыстау облыстық Орман жаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық испекциясының мемлекеттік инспекторлары осы факті бойынша сотқа жүгінді. Әзірше сот шешімін күтеміз», - деп жазды ол Facebook-те.

Оның айтуынша, комитет зообақтар мен өзге орындарға арыстанды асырауға қатысты өтінім жолдап, қазіргі уақытта олардан жауап күтіп отыр. Арыстанды бағып-қағатын орын айқындалғаннан кейін аң белгілі бір органның қарауына беріледі. Ал әзірше ол Ақтаудағы цирк өкілдерінің қарамағына берілген.

«Арыстанды тамақтандыру оңай емес. Араларыңызда етпен көмек бере алатын адам болса, онда мына нөмірге хабарласуды өтінемін: +7 (771) 605-26-70 (Талғат Әленов, Маңғыстау инспекциясының бас маманы)», - деді Сәкен Ділдахмет.

Айта кетейік, 25 маусымда 102 пультіне Ақшұқыр кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түсіп, полиция аңды ұстап алған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш