USD
USD
USD

Ақтауда шыршаны безендіруге бюджет қаржысы жұмсалды ма?

Ақтауда орнатылған екі шырша да былтыр сатып алынған.

Ақтауда шыршаны безендіруге бюджет қаржысы жұмсалды ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтауда жаңажылдық екі шырша орнатылды. Бірі Ынтымақ, екіншісі Астана алаңына қойылды. Қос шырша да өткен жылдары сатып алынған. Оған ілінген ойыншықтары да жаңа емес. Қала басшылары осылайша қолда барды ұқсатуға тырысқан. Жалпы биыл Ақтау көшелерін безендіруге бюджеттен ақша қарастырылған жоқ. Әкімдік мұның орнына әлеуметтік салалар бойынша қажеттіліктерді қаржыландыруды көздеп отыр. Осы мақсатқа қазынадан жыл сайын 30 млн жуық теңге бөлініп келген еді. Былтыр 26 млн теңге қаралды. Айта кетейік, биылғы жаңа жыл қарсаңында қоғамдық орындарды безендіруге жеке кәсіпкерлердің өздері ниет танытып жатыр. 

«Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» ММ басшысының міндетін атқарушы Алпысбай Таубаев: "Бүгін эскиздік жобасын алып келді. Онымен біз келісіп, бекітіп бергеннен кейін жұмыстарын бастайтын болады. Аллеяға жаңажылдық безендіру жасап беретін болды, өз қаражаты есебінен. Биыл да үш жерге шыршамыз қойылады. Безендірілетін болады. Кеше пандемияда көрдіңіз, көп дәрі-дәрмек жетпеді. Маскалар жетіспеді. Сол сияқты осы жылы басқа да салаларға, халыққа тиімді салалар бойынша бөлінетін болады", - деді.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов