USD
USD
USD

Ақтауда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды

Ақтауда полицейлер әйел адамды өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 қазан күні “102” кезекші пультіне әйел адамның тоғызыншы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқаны жөнінде қоңырау түсті.

Тәртіп сақшылары бірден аталған мекен-жайға барды. Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим және қызмет инспекторлары Бауыржан Сарсенбаев пен Адиль Изанов ұзақ ойланбастан дереу шешім қабылдап, 20-30 минуттай әңгіме жүргізіп, әйелді райынан қайтаруға тырысты. Әйел қолын енді жібере берген сәтте полиция капитаны Болат Ибрагим бірден оны ұстап, көтеріп алды.

46 жастағы азаматшаның мұндай әрекетке баруы отбасылық жағдайларына байланысты болған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Осылайша бір ананың өмірін құтқарған полиция қызметкерлерінің ерліктеріне барша үй тұрғындары куә болып, табанды шешімдері мен жасаған әрекеттері үшін шексіз алғыстарын жеткізді.

«Күнделікті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметке түсеміз, күнде әртүрлі жағдайларға кезігіп жатамыз. Оқиғаның соңы не боларына көз жетпей, уайым болды. Бірақ ойланып тұратын уақыт жоқ болғасын, бірден осындай әрекетке бардым. Қуанышымызға орай, барлығы жақсы аяқталды. Бұл біздің тікелей міндетіміз бен азаматтық борышымыз деп білемін», - деді патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим.
 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова