3 Тамыз 15:40
...

Ақтауда өз қызын зорлап келген бұрынғы әскери қызметкерге қатысты сот үкімі шықты

Фото:

Әскери қылмыстық сот 11 жастағы қызын зорлады деп танылған ақтаулық бұрынғы әскери қызметкерге үкім шығарды, деп хабарлайды InAktau.

Алматы, NEGE. Ер адам қызына жиі зорлық жасап отырған. 

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, азғындық жасаған әке ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі, 124-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру және химиялық кастрация жасау үкімі шықты.

«Әкесің ажырасып, басқа әйелге үйленгені белгілі болды. Ол өзімен бірге қызын алып, жалдамалы пәтерде зорлап келген. Қыз болған жағдайды анасына айтудан қорыққан. Бірақ анасы мұны білген бойда арыз жазып, барлық инстанцияларға барды. Қыздың әкесі әскери адам, оның үш адвокаты бар!», – делінген хабарламада.

Зардап шеккен қыздың қазіргі жағдайы белгісіз.

Тегтер: