USD
USD
USD

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің маңдайшасы опырылып, бір адам қайтыс болды

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінде шатыр құлады. Бір адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған.

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің маңдайшасы опырылып, бір адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дерекке сүйенсек, оқиға 9-ші ықшам ауданда орналасқан №4-ші үйде болған. Тұрғын үй кіре берісіндегі бетон маңдайша құлап сондағы 3 азамат зардап шегіп отыр. Тіпті бірі оқиға орнында көз жұмған. 

Куәгерлердің айтуынша, олар ескі маңдайшаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығы қызметкерлері. 

“Қазір зардап шегушілер тексеріліп жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Жалпы екеуінің де жағдайы тұрақты”, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Істің толық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе