USD
USD
USD

Ақтауда көмекке зәру әйелдерді қолдау орталығы ашылды

 Ақтауда көмекке зәру әйелдерді қолдау орталығы ашылды. Әлеуметтік нысанда қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектер мен жұмыссыз жүрген аналар кәсіп меңгеріп жатыр.

Ақтауда көмекке зәру әйелдерді қолдау орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың жұмысқа тұруына не бизнес ашуына көмек беріледі. Орталықтың құрылуына көпбалалы қала тұрғыны атсалысқан. Қайырымды әйел мемлекеттен грант ұтып, қаржыны екі қолға бір күрек іздегендерді оқытуға қажет жабдықтарды алуға жұмсапты. Әлеуметтік нысан бірнеше оқу залынан тұрады. Мұнда тоқыма, бет әрлеу және емдік массаж сабағы өтеді. Әйелдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін балаларға арналған ойын бөлмесі де бар. Тігін өнерін таңдаған аналар ұлттық нақыштағы кәдесый, құрақ көрпе тігуді үйреніп жатыр. 

Орталықта 10 әйел бар. Дені – Ақтауға жақын елдімекен тұрғындары. Жоба үйлестірушісі Динара Көктаубайқызы бұған дейін жарты млн теңге грант ұтып, 3 тігін машинасын сатып алған. Бастапқыда бірнеше көпбалалы анамен бірігіп, іс бастайды. Кейін қоғамдық қор құрып, әкімдіктен берілген ғимаратты әлеуметтік кешенге айналдырады. «Кәсіп меңгерген қыз-келіншектерді жұмысқа алуға жеке кәсіпорындардан сұраныс жиі түседі», – дейді.

Үкіметтік емес ұйымның қолдауымен екі жылда 50 әйел тігіншілік курсын аяқтап шықты. Тағы 5 көпбалалы ана бизнес жоба түзіп, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтқан. Бұл жерге жеке бас құжатын рәсімдеп, әлеуметтік мәртебе алуға ниетті тұрғындар да хабарласа алады. Оларға заңгерлік және құқықтық көмек тегін көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID