USD
USD
USD

Ақтауда қылмыстық топ ұсталды

Ақтауда полиция қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Ақтау қаласының “Кораблик” бизнес орталығының артындағы автожолда Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, бопсалау фактісіне күдікті 26 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы оның жолаушысын ұстады.

Жәбірленушінің айтуынша, бір топ адамдар оны бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, атыс қаруын қолданамын деп қорқытып, 500 мыңтеңге талап еткен, сондай-ақ жәбірленушіге тиесілі автокөлікті алып кеткен. Полицейлер автокөлікті тінту барысында патрондары бар “ПМ” маркалы жауынгерлік тапаншаны тауып, тәркіледі. Күдіктілердің уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында бірінің пәтерінде бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Басқа екі мекенжай бойынша тінту кезінде 25, 26 және 28 жастағы бопсалау дерегіне күдіктілер анықталды. Олардың тұрғылықты жерінен полицейлер тағы бір тапанша, екі мылтық және оларға оқ-дәрілердің едәуір санын тауып, тәркіледі.

Мекен жайлардың бірінен Opel Vectra көлігі табылды. Оны ұсталғандар жәбірленушіден күшпен тартып алғаны белгілі болды. Бопсалау және қаруды сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз әрекеттерін мойындады.

Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті