USD
USD
USD

Ақтауда қазақ армиясындағы ең бойшаң сарбаз борышын өтеп жүр

Теңіз жаяу бригадасының қатардағы жауынгері Денис Балюктің бойы 2 метр 8 сантиметр

Ақтауда қазақ армиясындағы ең бойшаң сарбаз борышын өтеп жүр
Фото: NEGE.kz

, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Оған аяқ киім мен әскери форма арнайы тапсырыспен тігілген екен. Ұзын бойлы жігіт 1 айдан соң өзге сазбаздармен бірге салтанатты ант тапсыру рәсіміне қатысады. Қостанай өңірінің жігіті қазақ армиясындағы бойы ең ұзын сарбаз. Денистің айтуынша, әкесі мен анасының бойы 2 метрге жуықтайды. Олар Динисовка ауылындағы ең ұзын адамдар саналады.  

«Бала кезімнен бойым ұзын. Мектепте, колледжде саптың басында тұратын едім. Армияға өз еркімен келдім. Медициналық комиссиядан өту еш қиындық тудырған жоқ. Мені алғаш көрген адамдар таңырқасып, қай жерден келгенімді сұрап жатады. Теңіз жаяу әскеріне қабылданғаныма қуаныштымын!» – дейді Денис Балюктің өзі.

 Армияға дейін Денис Балюк колледжде механизатор мамандығын оқыған. Қазір ол 20 жаста. Бойы ұзын болуының арқасында жастайынан баскетбол, волейбол ойнайды екен. Түрлі жарысқа қатысып, командасының жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан спортшы. Бойшаң жауынгерге асханада 2 адамның тамағы беріледі.

Расында, еліміздің теңіз жаяу әскері бойшаң, алып денелі жігіттерден құралған. Мәселен, былтыр күзге дейін Азат Мұхамедов есімді сарбаз Отан алдындағы борышын дәл осы әскери бөлімде өтеді. Оның бойы 2 метр 3 сантиметр. Оның ізін басқан Денис келер айда ант тапсырған соң, қазақ армиясында 1 жыл қызмет атқарады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай