USD
USD
USD

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирді ұйымдастырушы қамауға алынды

Ақтау қаласында ММА-ден халықаралық турнирден кейін полицейді итеріп жіберген ер адам қамауға алынды. Ол спорттық шараның ұйымдастырушысы болып шықты.

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирді ұйымдастырушы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

16 шілдеде Ақтауда халықаралық турнир өтіп, оған UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қонақ ретінде қатысты.

"Келесі күні әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады. Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді", - деді полициядағылар.

Әкімшілік сот шешімі бойынша, Ақтау қаласының арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы