USD
USD
USD

Ақтауда есірткі сатумен айналысады деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды

14 ақпан келіп түскен жедел ақпарат бойынша Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын анықтады.

Ақтауда есірткі сатумен айналысады деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеру барысында қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан  үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді.

Аталған дерек СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі